29 қыркүйек 2020 | 13:11

Қазақстанда қандай жағдайда кинотеатрлар ашылуы мүмкін екені айтылды

Фото:elements.envato.com

Қазақстанда белгілі бір шектеулер қойылса, кинотеатрлар ашылуы мүмкін. Бұл туралы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев  айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда белгілі бір шектеулер қойылса, кинотеатрлар ашылуы мүмкін. Бұл туралы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев  айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, комитет кинотеатрлар үшін жеңілдік жасау мәселесін қарастырып жатыр. Жақын арада іске асырылуы мүмкін бірнеше нұсқа талқыланып жатыр дейді.

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта комитет бұл мәселені зерттеп, қарастырып жатыр. Коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның таяудағы отырысында кинотеатрлардың қызметін қайта іске қосу ұсынылады. Алайда залдар 100 пайызға толмайды. Сондай-ақ, кинотеатрлардың иелері санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қатаң сақтауға міндетті. Біз отырыста ұсынатын боламыз, алайда түпкілікті шешімді комиссия қабылдайды", - деді Байтанаев.

Еске салайық, мұның алдында кинотеатр иелері бизнесі құрдымға кеткенін айтқан еді. Олар 15 миллиард теңге жоғалтқанын мәлімдеген болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная