ПОДЕЛИТЬСЯ
28 желтоқсан 2023 | 10:52
Қазақстанда қандай жолдар әлі де жабық?
Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық тасжолдардың қай учаскелері көліктер үшін жабық екені айтлды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" ақпаратына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық тасжолдардың қай учаскелері көліктер үшін жабық екені айтлды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" ақпаратына сілтеме жасап.
Қозғалысқа шектеу көліктің барлық түріне енгізілген.
Жолдардағы жедел жағдай картасына сәйкес Жетісу облысында 27 желтоқсанда сағат 22:20-да жабылған Сарыөзек – Көктал жолының 45-68 шақырымы, Алтын Емел асуы жабық. Себебі: нөлден төмен температурада жаңбыр жауады.
Жамбыл облысында Екатеринбург-Алматы жолының 2005-2152 шақырымдық учаскесі 27 желтоқсаннан бастап Қарағанды облысының шекарасы – Бурылбайтал ауылы учаскесінде жабылған.
Қарағанды облысында 27 желтоқсанда сағат 23:00-ден бастап Екатеринбург - Алматы жолының 1854-1993 шақырымдарындағы Балқаш пен Сарышаған ауылы арасындағы учаскесі жабылды. Себебі: нөлден төмен температурада жаңбыр қарға айналады, көктайғақ, жел.
28 желтоқсанда сағат 04:20-дан бастап Екатеринбург – Алматы жолының 1505-1854 шақырымындағы Новостройка ауылы – Балқаш учаскесі де жабылды. Себебі: қар, жел, көктайғақ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также