Қазақстанда қандай маркетплейстер бұғатталады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Шетелдік маркетплейстер Қазақстанда тіркеліп, ҚҚС төлеуге міндетті, әйтпесе олар жұмыс істей алмайды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шетелдік маркетплейстер Қазақстанда тіркеліп, ҚҚС төлеуге міндетті, әйтпесе олар жұмыс істей алмайды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік кірістер комитетінің ҚҚС әкімшілендіру басқармасы басшысы Еділ Әзімшайықтың айтуынша, ҚҚС-ті қазақстандық сатып алушылар емес, шетелдік маркетплейстердің өздері төлейді.

"Бұл шетелдік компанияларға қатысты. Олар Қазақстанда тіркелуі керек, сот жүйесі арқылы емес, шартты түрде. Біз арнайы тізілімді енгіземіз, оған кіретіндер азаматтарымыз жасаған сауда бойынша бюджетке ҚҚС төлейді. Шетелдік компаниялар салықты айына бір рет, келер айдың 20-сына дейін төлейді", - деді ол.

Реклама
Реклама

Қысқаша айтқанда, шетелдік интернет-платформа тіркеуден өтпесе және ҚҚС төлемесе, оған Қазақстан аумағында қолжетімділік тоқтатылады. Яғни, сайт қазақстандықтар үшін бұғатталуы мүмкін.

Бақылау Ұлттық банк және екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, төлемдер арқылы жүргізіледі.

2026 жылдан бастап мұндай компаниялар үшін де ҚҚС мөлшерлемесі 12 пайыздан 16 пайызға өседі. Сонымен қатар, жаңа Салық кодексіне сай, ҚҚС тіркеу шегі 20 000 АЕК-тен 10 000 АЕК-ке дейін төмендейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама