21 шілде 2021 | 12:01

Қазақстанда қандай өнімдер импортқа тәуелді екені айтылды

Energyprom.kz сарапшылары биыл дағдарысқа дейінгі кезеңде тапшылық байқалған өнімдердің ішкі өндірістегі көрсеткішін зерттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Energyprom.kz сарапшылары биыл дағдарысқа дейінгі кезеңде тапшылық байқалған өнімдердің ішкі өндірістегі көрсеткішін зерттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл қаңтар-мамырда балық өндірісі былтырғымен салыстырғанда 23,1 пайызға, 17,4 мың тоннаға дейін қысқарған. Піскен немесе консервіленген балықты, сондай-ақ уылдырықты және оның алмастырғыштарын шығару бір жылда 12,4 пайызға, 6,8 мың тоннаға дейін қысқарған.

Ал шұжық өндірісі артқан: 0,1 пайызға, 23,7 мың тоннаға дейін. Сондай-ақ, құс етін өндіру жылына 0,8 пайызға, 44 мың тоннаға дейін артты.

Реклама
Реклама

Ірімшік пен сүзбе шығару бес айда 14,9 мың тоннаға дейін өсті - бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 14,9 пайызға көп. Қант өндірісі бірден 4,3 есе, 113,8 мың тоннаға дейін артқан.

Дәл осы азық-түлік санаттары "дағдарысқа дейін" 2019 жылы импортқа тәуелді деп аталды. Премьер-министр сайтының деректері бойынша, сол кезде азық-түлік тауарларының 29 түрінің 23-і бойынша отандық өндіріс есебінен қамтамасыз ету 80 пайыз және одан көп, ал кейбіреуі бойынша - 100 пайыздан аса болған. Бұған 6 тауар - балық (60,8 пайыз), шұжық өнімдері (62 пайыз), ірімшік пен сүзбе (57 пайыз), қант (46,6 пайыз), құс еті (58,3 пайыз), сондай-ақ алма (62,9 пайыз) кірмеген. Бұл өнімдер бойынша жеткізуші - импорттаушыларға айтарлықтай тәуелділік байқалды.

Сарапшылардың айтуынша, 2021 жылдың қаңтар-сәуірінде отандық компаниялар қантқа сұранысты тек 42,2 пайызға қамтамасыз етті. Шұжықтар мен еттен жасалатын ұқсас өнімдерге сұранысты қамтамасыз ету былтырғы 63,3 пайызға қарағанда 58,9 пайызға дейін қысқарған. Төрт айдың қорытындысы бойынша сектордағы өндіріс былтырғы деңгейде қалды, бұл ретте импорт 20,4 пайызға, 13,1 мың тоннаға дейін артты.

Құс еті сегменттеріндегі көрсеткіштер жақсырақ, мұнда жергілікті өндірушілер 71,4 пайызға, балық, шаян тәрізділер мен ұлулар - 53 пайызға, ірімшік пен сүзбе - 54,2 пайызға сұранысты қамтамасыз етеді. Осы тауар санаттарының ішінде жыл сайынғы динамикада тек құс импорты азайды - 0,5 пайызға. Балық импорты 0,7 пайызға, ірімшік пен сүзбе 5,8 пайызға өсті.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша, қазір елімізде 795 мың тонна мөлшерінде түрлі азық-түлік тауарларының қоры бар, оның ішінде өндіруші кәсіпорындарда - 298 мың, қоймаларда - 93,2 мың, сауда желілерінде - 353,2 мың, тұрақтандыру қорларында - 19,8 мың.

Тез бұзылатын өнімдердің қоры бір апта немесе одан да көп уақытқа жетеді, ал ұзақ мерзімді сақтау өнімдері бірнеше айға сақталады. Министрліктің мәліметінше, азық-түлік өндірісі артып келеді, ал қорлар үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады, сондықтан олар бойынша тапшылық жоқ және күтілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная