ПОДЕЛИТЬСЯ
17 ақпан 2022 | 09:00
Қазақстанда қанша адам 500 мың теңгеден аса табыс табады?
Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің ұлттық статистика бюросы өкілі Қазақстанда кедейлік шегінде қанша адам өмір сүретіні, қанша адам 50 мыңнан кем және 500 мың теңгеден жоғары табыс табатыны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің ұлттық статистика бюросы өкілі Қазақстанда кедейлік шегінде қанша адам өмір сүретіні, қанша адам 50 мыңнан кем және 500 мың теңгеден жоғары табыс табатыны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2021 жылдың үшінші тоқсанындағы мәліметтерге сәйкес, кедейлік деңгейі 5,3 пайыз болады. Осылайша, елде 1 005 447 адам кедейлік шегінен төмен өмір сүретіні белгілі болды.
"Бюро жылына бір рет сәуірде толық жұмыс істеген қызметкерлердің жалақысының құрылымы мен бөлінісі бойынша тексеру жүргізеді. Нәтижесінде, жалдамалы жұмысшылар - 2,9 миллион адам, ал орташа жалақы 45 000 теңгеге дейін екені анықталды. Оны қызметкерлердің 1,2 пайызы, 35,3 мың адам алды. 45 001 теңгеден 60 000 теңгеге дейін қызметкерлердің 6,5 пайызы, яғни 187 мың адам алады. Қызметкерлердің 5,4 пайызы, яғни 159,3 мың адам 500 000 теңгеден жоғары табыс табады", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.
Сондай-ақ, статистика бюросы 2011 жылдан бастап 2021 жылға дейін Ұлттық банктің әр кезеңдегі бағамы бойынша орташа айлық жалақы туралы деректерді ұсынды:
2011 жылы қазақстандықтың орташа айлық жалақысы 90 028 теңге немесе 624 доллар;
2012 жылы - 101 263 теңге немесе 679 доллар;
2013 жылы - 109 141 теңге немесе 717 доллар;
2014 жылы - 121 021 теңге немесе 675 доллар;
2015 жылы - 126 021 теңге немесе 568 доллар.;
2016 жылы - 142 898 теңге немесе 418 доллар;
2017 жылы - 150 827 теңге немесе 463 доллар;
2018 жылы - 162 673 теңге немесе 472 доллар;
2019 жылы - 186 815 теңге немесе 488 доллар;
2020 жылы - 213 003 теңге немесе 516 доллар;
2021 жылы - 248 791 теңге немесе 584 доллар.
Ведомство қазақстандықтардың орташа жалақысы қалай анықталатынын түсіндірді.
"Бюро орташа айлық жалақы туралы деректерді кәсіпорындардың тоқсандық және жылдық статистикасы бойынша, жалақы қорының сомасын кәсіпорындағы қызметкерлерінің нақты санына және ай санына бөлу арқылы есептейді", - деп түсіндірді бюро қызметкері.
Орташа айлық жалақы көрсеткіші табыс салығы, зейнетақы аударымдары, сыйақылар мен үстемеақылар ескеріле отырып, жасалады.
"Жалақының орташа деңгейін есептеудің бұл әдістемесі басты әрі көптеген елдің статистикалық тәжірибесінде деректерді басқа елдің көрсеткіштерімен салыстыру үшін қолданылады", - деп толықтырды статистика бюро қызметкері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также