20 қазан 2023 | 11:27

Қазақстанда қанша адам банкрот деп танылған?

Дина Шарипханова Корреспондент
Freepik

Қазақстанда 3 наурыздан бері 5,5 мыңнан аса азамат банкрот деп танылды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 3 наурыздан бері 5,5 мыңнан аса азамат банкрот деп танылды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамаубаевтың айтуынша, қазақстандықтар банкрот деп тану туралы 68 мыңнан аса өтініш берген. Оның ішінде 55 мың өтініш банкроттық рәсімінің критерийлеріне сәйкес келмейтіні анықталды. Бұл барлық түскен өтініштердің 80,8 пайызы болады.

"Негізгі себептер (бас тартуға- еск.) - мүліктің болуы, борышкердің қарыз сомасы мен төлем мерзімі бойынша сәйкес келмеуі, қарызды кредитормен есеп айырысудың болмауы", - деді Ерұлан Жамаубаев.

Реклама
Реклама

Бүгінде 8 миллиард теңгеден аса қарызы үшін 5,6 мыңға жуық азамат банкрот деп танылған.

"Соттың банкрот деп тануы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру үшін соттарға 1,2 мыңнан аса азамат жүгінді, банкроттық туралы 35-тен астам шешім қабылданды", - деп толықтырды премьер-министрдің орынбасары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная