09 шілде 2020 | 13:32

Қазақстанда қанша адам пневмониямен ауырып жатыр?

Фото:elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрлігі биыл Қазақстанда пневмониядан қанша адам қайтыс болып, қанша адамның ауырып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрлігі биыл Қазақстанда пневмониядан қанша адам қайтыс болып, қанша адамның ауырып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коронавирустық инфекция мен пневмония аурушаңдығы мен өлім-жітімі бойынша статистикалық мәліметтерді медициналық ұйымдар күнделікті негізде дайындайды, мәліметтер медициналық ақпараттық жүйелерге енгізіледі.

Реклама
Реклама


Осылайша 2020 жылғы 7 шілдеде 11385 пневмония және 3090 коронавирус жағдайы тіркелді. 2019 жылғы 7 шілдеде 56 пневмония оқиғасы тіркелген болатын", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің жауабында.

2020 жылғы 29 маусым мен 5 шілде аралығында 32083 пневмония және 9402 коронавирустық инфекциясы тіркелді.

Ведомство мәліметінше, 2020 жылдың 29 маусымы мен 5 шілде аралығында пневмониядан қайтыс болғандар саны 415 адам, ал коронавирустық инфекциядан 76 адам болды. Пневмониядан қайтыс болғандар саны 2020 жылғы 7 шілдеде 38 болса, коронавирустан қайтыс болғандар саны 17 болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная