Қазақстанда қанша ресейлік азамат бар?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Қазақстанда қанша ресейлік азамат бар? Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Ресейде ішінара жұмылдыру жарияланғаннан бері Қазақстанға қанша ресейлік келіп-кеткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Ресейде ішінара жұмылдыру жарияланғаннан бері Қазақстанға қанша ресейлік келіп-кеткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Күн сайын алмасатын жедел деректерге сәйкес, 400 мыңнан аса ресейлік келді, 320 мыңнан астамы кетті. 100 мыңға жуық ресейлік әлі де осында. Еңбек мигранттары туралы айтатын болсақ, өткен жылдарды қоса алғанда, Қазақстанда 22 мың ресейлік бар", - деді Дүйсенова Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ресейліктердің Қазақстанға жұмысқа орналасуына шектеу қойыла ма деген сұраққа жауап берген болатын.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама