07 қараша 2024 | 11:33

Қазақстанда қанша судья өрескел заңбұзушылық үшін жазаланды?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанда сапасыз шешімдерге бола жауапкершілікке тартылатын судьялар көбейе бастады. Бұл туралы Жоғарғы сот судьясы Нұрия Сисенова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда сапасыз шешімдерге бола жауапкершілікке тартылатын судьялар көбейе бастады. Бұл туралы Жоғарғы сот судьясы Нұрия Сисенова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Сенатта "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыланды.

Талқылау барысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жоғарғы Сот судьясына сұрақ қойды.

Реклама
Реклама

"Сапасыз шешімдерге байланысты қанша судья жауапқа тартылды?",- деп сұрады Әшімбаев.

Жоғарғы Соттың судьясы Нұрия Семенова сұраққа жауап бере отырып, өкінішке қарай, биылғы көрсеткіш 2,5 есеге артқанын хабарлады.

"2024 жылдың 9 айында өрескел заңбұзушылықтар үшін 21 судья жауапқа тартылды. Былтырғы осы кезеңінде барлығы тоғыз судья болды. Бұл көрсеткіш шамамен 2,5 есе өсті. 1 қазаннан бастап жаңа механизмдер жұмыс істейді, талдаймыз. Бірақ бүгінге жағдай осындай, өкінішке қарай", - деді судья Сисенова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная