ПОДЕЛИТЬСЯ
11 наурыз 2022 | 13:38
Қазақстанда қант тапшылығы бола ма? Сауда министрлігі жауап берді
Қазіргі уақытта Қазақстанда негізгі азық-түлік тауарларының қоры жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазіргі уақытта Қазақстанда негізгі азық-түлік тауарларының қоры жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
"Өңірлер мен Сауда желілері одағының ақпараты бойынша, тұрақтандыру қорлары мен сауда объектілерінде қант қорлары жеткілікті", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, жеткізушілердің географиясын кеңейту мақсатында дайын қант өндіру үшін басқа елдерден шикі қант сатып алу жұмысы жүріп жатқаны айтылды.
"Қазақстанда биыл тамыз айының соңына дейін кедендік баждарды төлемей 250 мың тонна қант әкелу мүмкіндігі бар", - деп нақтылады министрлік.
Қант бағасын тұрақты деңгейде ұстап тұру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар сауда объектілерінің "айналым схемасын" пайдалануды көздеп отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также