Қазгидромет синоптиктері 4, 5 және 6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын түседі.
"Елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында боран, көктайғақ күтіледі. Тек республиканың батысында 4-5 желтоқсанда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", — делінген хабарламада.
Синоптиктердің айтуынша, температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!