Қазақстанда қар жауып, 5 градусқа дейін күн суытады

Қазақстанда қар жауып, 5 градусқа дейін күн суытады Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері 9, 10 және 11 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктері 9, 10 және 11 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда қар жауып, боран соғады

Болжамға сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауады.

Реклама
Реклама

"9 сәуірде республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, 10 сәуірде батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады, қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыста және солтүстікте түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), 11 сәуірде түнде елдің шығысында қар жауып, боран, көктайғақ болады", - деді синоптиктер.

Мамандар Қазақстан бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі деп болжап отыр.

Температура көрсеткіштері қандай болмақ?

Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында және шығысында ауа температурасы түнде 0...+8 градустан 0...+5 градусқа дейін, күндіз +10...+23 градустан +7...+15 градусқа дейін төмендейді деп күтіліп отыр.

Ал елдің қалған аумағында температуралық фон көктемгідей жайлы болады болжанған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама