23 қыркүйек 2024 | 12:22

Қазақстанда қар жауып, 7 градусқа дейін аяз болады

Фото:depositphotos.com

Синоптиктер 24-26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 24-26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдағы күндері, атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың солтүстігі мен шығысында, 26 қыркүйекте елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында жауын-шашын, қарға ауысатын жаңбыр болжанады, түнде ауа температурасының 2-7 аязға дейін төмендеуі мүмкін.

Қалған территорияда Солтүстік-Батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман күтіледі.

Реклама
Реклама

Ауа температурасы күндіз: елдің батысында +18+26°С дейін, солтүстігінде, шығысында +5+10°С дейін, орталығында +7+15°С дейін, оңтүстігінде +12+20°С дейін, таулы аймақтарында +2+10°С дейін төмендейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная