Қазақстанда қар жауып, аяз түседі

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Қазгидромет синоптиктері 11, 12 және 13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет синоптиктері 11, 12 және 13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, алдағы тәуліктерде солтүстік антициклонының ықпалы әлсіреп, еліміз аумағына атлантикалық циклон жылжи бастайды.

"Ол тұрақсыз ауа райын әкеледі: жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ, ал солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде қар жауып, боран соғады", - деді синоптиктер.

Реклама
Реклама

Қазақстан бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман сақталады.

Ауа температурасы қандай болады?

Температуралық фон да өзгереді: солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы 5–15 градус аязға дейін жоғарылап, күндіз 0–5 градус аяз күтіледі. Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнде 0–5 градус аяз, күндіз 0–8 градус жылы болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама