Қазақстанда қар жауып, минус 35 градусқа дейін аяз болады

Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері 21-23 қаңтар аралығында Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктері 21-23 қаңтар аралығында Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауа райы болжамына сәйкес, 21-22 қаңтар күндері солтүстік-батыс циклонының әсерінен елдің көп бөлігінде жауын-шашын болады: солтүстік өңірлерде қар, кей жерлерде қалың қар жауады; шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі.

Сонымен қатар, республика бойынша боран, көктайғақ, тұман, желдің жылдамдығы 15-28 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі. Шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде желдің жылдамдығы 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін.

Реклама
Реклама

"Алайда ылғалды циклонның артынан суық антициклон жылжиды, ол ел бойынша ауа температурасының күрт төмендеуіне алып келеді: солтүстік жартысында минус 25-35 градусқа дейін, оңтүстік бөлігінде минус 15-25 градусқа дейін аяз болады", – делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама