08 маусым 2021 14:17

Қазақстанда карантин қашан жеңілдеуі мүмкін?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты қалыпта жеті күн сақталса, карантин жеңілдеуі мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ержан Байтанаев Қазақстанда жеті күн бойы тұрақты эпидемиологиялық ахуал сақталатын болса, карантинді жеңілдету мәселесі қаралатынын айтты.

"Карантин шараларын қатаңдату мәселесі бес күннен кейін қабылданады. Карантин шараларын жеңілдету "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа немесе "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өткеннен кейін жеті күннен ерте енгізілмейді. Елдің бас санитария дәрігері шектеу талаптарын жеңілдетеді немесе қатаңдатады", - деді Ержан Байтанаев.

Реклама
Реклама

Ол "жасыл", "қызыл" және "сары" аймақтардағы карантин шектеулері туралы шешімді бас санитария дәрігерінің қолданыстағы қаулысы негізінде өңірдегі санитария дәрігерлері қабылдайтынын айтты.

Айта кетейік, 7 маусымда Қазақстан коронавирустың таралу қарқыны бойынша "жасыл" аймаққа өтті.

Сонымен қатар, республикада инфекцияның күнделікті өсуі айтарлықтай төмендеген. Жалпы елде 395 832 жағдай расталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram