30 шілде 2020 | 17:48

Қазақстанда карантин режимін ұзарту туралы шешім қабылданды

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қатаң карантинді тағы екі аптаға созу туралы шешім шығарғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қатаң карантинді тағы екі аптаға созу туралы шешім шығарғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Негізгі міндет - қабылданған шаралардан тиімді нәтиже алу. Осыған байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің төрағалығымен Мемлекеттік комиссия карантин шараларын екі аптаға ұзарту туралы шешім қабылдады. Үкімет өңірлер мен әкімдіктерімен бірлесіп күнделікті негізде елдегі эпидемиологиялық жағдайға мониторингті және жағдайды жақсарту үшін қажет шешімді шығарады", - деді Тоғжанов ОКҚ брифнгінде. 

Реклама
Реклама

"Бүгінде кәсіпкерлік субъектілерінің алдын ала тізбесі қалыптастырылды, олардың жұмысын карантиндік шаралар аяқталғаннан кейінгі бірінші кезеңде қалпына келтіру жоспарланып отыр. Бұл СОО, сауда желілері, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, сұлулық салондары, балалар оңалту, білім беру орталықтары, үйірмелер,  балабақшалар", - деп атап өтті вице-премьер.

Оның айтуынша, алдағы екі аптада - кәсіпкерлік субъектілеріне күшейтілген дайындық жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беріледі. 

"Әрбір нысан бойынша санитарлық режимнің нақты шаралары қабылданады", - деді Тоғжанов. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная