22 маусым 2021 | 09:57

Қазақстанда карантин талаптары күшейтілуі мүмкін

Фото: Тұрар Қазанғапов

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустың үнді штамына байланысты Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустың үнді штамына байланысты Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты, алайда Нұр-Сұлтанда үнді штамы табылды деген күдік бар.  

"Вирустың репродуктивті индексі 1-ге тең, бірақ біз әлемде және шекаралас елдерде жағдайдың қандай екенін көріп отырмыз. Яғни, коронавирустың жаңа штамдары тез тарайды. Нұр-Сұлтанда скрининг жүргізілді, сондықтан мұнда Цой (Алексей - денсаулық сақтау министрі. - автор.) дельта-штамм (үнді штамы) барын айтты. Осыған байланысты өңір әкімдері ахуалды бақылауға алуы тиіс. Бүгінгі таңда ВАК отырыс өткізіп, Нұр-Сұлтан қаласында және басқа да өңірлерде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейту жөніндегі шараларды қарайды", - деді Тоғжанов Үкімет отырысында.

Реклама
Реклама

Ол адамдар көп жиналатын жерлерде қашықтық сақталуы керек екенін де айтты.

"Адамдар жеке қорғаныс құралдарын қолдануы керек, сонымен қатар, барлық аймақта мониторингтік топтардың жұмысын күшейту қажет, ал қоғамдық орындарға келгендер қорғаныс шараларын қатаң сақтауы тиіс. Сондай-ақ, Ashyq қосымшасы бойынша өтіңіздер. Өңір әкімдері, барлық мемлекеттік орган осы жағдайды бақылауы тиіс", - деді Тоғжанов.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная