17 қыркүйек 2020 | 07:11

Қазақстанда карантин туралы қаулыға өзгерістер енгізілді

Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 2020 жылғы 15 тамыздағы карантин туралы қаулыға өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 2020 жылғы 15 тамыздағы карантин туралы қаулыға өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

16 қыркүйекте қол қойылған қаулыға сәйкес, кафе мен мейрамханаға ашық және жабық алаңда 30 адамнан 50 адамға дейін қабылдауға рұқсат етілді.

Реклама
Реклама

Маска режимі және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, кинотеатрларға ашық алаңда жұмыс істеуге;

Театрдың көрермені 50 адамнан аспайтындай, infokazakhstan.kz порталында тіркеліп, сондай-ақ маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақтап жұмыс істеуге;

Сауда орталықтарында (жеке ғимаратта) орналасқан қоғамдық тамақтану нысандарында 50 орыннан асырмай, ұжымдық шара өткізбей жұмыс істеуге рұқсат етілді. 

Қаулының толық мәтіні Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми сайтында жарияланды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная