30 шілде 2020 | 17:56

Қазақстанда карантиннен кейін бірінші кезекте қандай нысандар ашылады?

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов онлайн-брифинг барысында карантиннен кейін бірінші кезекте ашылуы мүмкін кәсіпорындар тізімін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов онлайн-брифинг барысында карантиннен кейін бірінші кезекте ашылуы мүмкін кәсіпорындар тізімін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кәсіпкерлік субъектілерінің алдын ала тізбесі қалыптастырылды, олардың жұмысын карантин режимі аяқталғаннан кейінгі бірінші кезеңде қайта бастау жоспарланып отыр.

Реклама
Реклама

Оған сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, балаларды оңалту, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары мен үйірмелер, секциялар, кезекші топтар режиміндегі мектепке дейінгі балалар мекемелері, сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар жатады. Әрбір нысан бойынша санитарлық режимнің нақты шаралары қабылданады", - деді Тоғжанов. 

Еске салайық, Қазақстанда 5 шілдеден бастап коронавирус пен пневмонияны жұқтырудың артуына байланысты қатаң карантин режимі қайтадан енгізілген болатын.

2 тамызда карантин режимі аяқталуы керек болған, алайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен оны тағы екі аптаға созды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная