22 қараша 2021 | 13:38

Қазақстанда қаржы пирамидасының белгілері бар тағы бір компания анықталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Қазақстанда қаржы пирамидасының белгілері бар тағы бір компания анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда қаржы пирамидасының белгілері бар тағы бір компания анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

"Қаржы мониторингі агенттігінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері River Coins Limited компаниясына 2020 жылдың шілдесі мен 2021 жылдың мамыры аралығында заңсыз ақша жинау дерегі бойынша соталды тергеуді бастады.

Тергеу компанияның төлем жүйесі айналым принципі бойынша жұмыс істейтінін анықтады. Бірінші деңгейлі салымшылар сыйақыны жаңа салымшылардың жарналарын қайта бөлу арқылы алады", - деді министрлік.

Сондай-ақ, ведомство компанияның Қазақстанда кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелмегенін, банк операцияларына – қаражат тартуға және сыйақы төлеуге лицензиялары мен рұқсаттары жоқ екенін түсіндірді.

Реклама
Реклама

"Қаржылық пирамидалар нақты инвестицияны талап етеді және қаражат қысқа мерзімде қайтарылатынына кепілдік береді. Сонымен қатар, қаржы пирамидаларының маңызды ерекшелігі - қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ақша тартуға лицензиясының болмауы", - деп түсіндірді агенттік өкілдері.

Қазір бұл факт бойынша тергеу жүріп жатыр.

Бұған дейін Incruises Қазақстандағы қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялар тізіміне енуі мүмкін екені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная