ПОДЕЛИТЬСЯ
01 қазан 2021 | 10:34
Қазақстанда Қарттар күні атап өтіліп жатыр
Қазақстанда 1 қазанда Қарттар күні атап өтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда 1 қазанда Қарттар күні атап өтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
1990 жылғы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялады
1 қазанда әлемнің түрлі елдерінде қарттардың құқықтарын қорғау қауымдастықтары ұйымдастыратын түрлі фестивальдер, қарттардың қоғамдағы рөліне арналған іс-шаралар өтеді. Қоғамдық ұйымдар мен қорлар бұл күні түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырады. Қазақстанда Қарттар күні де ресми мерекелер мен атаулы күндер тізіміне кіреді.
Республикада 2 млн 236 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Әрбір азаматтың лайықты қарттығын қамтамасыз ету бойынша қамқорлық – Үкіметтің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі.
Мемлекет зейнетақымен қамсыздандыруды жетілдіру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдап жатыр.
Мәселен, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақының мөлшері пайызға, базалық зейнетақының мөлшері 5 пайызға өсті.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайздан 100 пайызға дейінгі еңбек өтіліне қарай сараланып белгіленеді.
Қазіргі уақытта базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 18,5 мың теңгені, ең жоғары мөлшері – 39,3 мың теңгені, ал 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша орташа мөлшері – 31,1 мың теңгені құрайды.
2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ынтымақты зейнетақының орташа мөлшері 68,8 мың теңгені, ең жоғары мөлшері – 100,6 мың теңгені, ең төменгі мөлшері – 43,3 мың теңгені құрайды.
Жоспардың қабылдануы егде жастағы азаматтарға қоғам өмірінің түрлі салаларына қатысу мүмкіндігін кеңейтуге, сондай-ақ оларды сапалы мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жоспардың іске асырылуын бақылауды Еңбекминінің жобалық офисі жүзеге асырады.
1 қазанда Қазақстанда Қарттар күніне орайластырылған айлық басталады. Облыстардың, қалалар мен аудандардың әкімдері, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары аға буын азаматтарын әлеуметтік қолдау жөніндегі іс-шараларды, еңбек ұжымдарында кездесулерді, амбулаториялық-емханалық ұйымдарда Ашық есік күндерін өткізетін болады.
Еске салайық, 2020 жылы 216 мыңнан астам қазақстандық зейнеткер Қарттар күніне орай біржолғы материалдық көмек алды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также