Қазақстанда қару иелеріне қатысты жаңа ережелер енгізілмек

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Мәжіліс Қазақстанда қару иелеріне және жеке күзет ұйымдарына қойылатын талаптарды қатаңдататын заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Құжаттың негізгі мақсаты – күзет қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейту, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс Қазақстанда қару иелеріне және жеке күзет ұйымдарына қойылатын талаптарды қатаңдататын заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Құжаттың негізгі мақсаты – күзет қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейту, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заң жобасы азаматтық және қызметтік қаруы бар жеке тұлғаларға да, қаруды пайдалану және сақтау құқығына ие заңды ұйымдарға да қатысты. Сонымен қатар, ол күзет қызметі саласындағы жалпы талаптарға да қатысты.

Не өзгереді?

Реклама
Реклама

Құжатта бірқатар жаңа міндеттемелер көзделген:

  • азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы қару иелері міндетті бақылау атуынан өтіп, мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыруға үлес қосуы тиіс;
  • қызметі уақытша тоқтаған заңды тұлғалар иелігіндегі қаруды 10 жұмыс күні ішінде ішкі істер органдарына өткізуге міндеттеледі;
  • жеке күзет ұйымдары уәкілетті органға тұрақты есеп тапсырып, сондай-ақ қызметін тоқтату, қайта бастау немесе тоқтата тұру туралы алдын ала хабарлауы қажет;
  • күзет ұйымдарының филиал басшыларына қатардағы күзетшілермен бірдей біліктілік талаптары енгізіледі;
  • мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру ережелері нақтыланып, қару айналымына бақылау күшейтіледі.

Жаңа құрылым: әскерилендірілген теміржол күзеті

Заң жобасында жаңа тұжырымдама да бар: "әскерилендірілген теміржол күзеті". Бұл құрылымға транзитке қатысатын негізгі терминалдардағы жүктер мен теміржол нысандарын үздіксіз қорғауды қамтамасыз ету міндеті жүктелген.

Қосымша өзгерістер

Заң жобасы күштік және арнайы органдар қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету тәртібін де нақтылайды.

Енді құжат Сенаттың қарауына жіберіледі. Қолдау болса, заң Президентке қол қоюға жолданады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама