25 шілде 2020 10:24

Қазақстанда Каспий итбалықтарына қатысты шешім қабылданды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Каспий итбалықтарын Қазақстанның Қызыл кітабына енгізу ұсынысын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Каспий итбалықтарын Қазақстанның Қызыл кітабына енгізу ұсынысын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2020 жылғы 24 шілдеде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен видеоконференция арқылы "Гидробиология және экология институты" мен "Орта Азиялық экологиялық зерттеулер институты" ЖШС өкілдерінің қатысуымен балық шаруашылығы мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық зоологиялық комиссияның отырысы өтті", - деп жазды комитеттің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook-те.

Реклама
Реклама

Комиссия отырысында Каспий итбалығын (Pusa Caspica) өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізу ұсынысы қолдау тапқан.

"Итбалықтарды қорғауға ықпал ету үшін және болашақта ерекше қорғалатын табиғи аумақ құруға маңызды бастамалардың бірі болмақ.

Қазіргі уақытта Каспий итбалығы басқа каспиймаңы мемлекеттерінің Қызыл кітабына енгізілген", - деді ол.

Еске салайық, шілденің басында Каспий теңізінің жағасына жақындаған кішкентай итбалыққа тұрғындар тас жаудырған еді.

Кешірек Құрық аулындағы жағажайда демалушылар тағы бір итбалықты таяқпен, таспен ұрып-соққан.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында мектептерде балалардың экологиялық білімі пәнін енгізуді тапсырған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram