ПОДЕЛИТЬСЯ
15 желтоқсан 2023 | 15:26
Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
"ҚазАвтоЖол" қай бағыттағы жолдар жабық екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"ҚазАвтоЖол" қай бағыттағы жолдар жабық екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
15 желтоқсанда сағат 13:00-де ауа райының нашарлауына байланысты бес облыстағы республикалық маңызы бар тасжолдардың 16 учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді.
Алматы облысы - бір учаске
Алматы - Ташкент - Термез автожолы, Жаңақұрылыс ауылы учаскесі - Жамбыл облысының шекарасы (84 шақырым). Шектеу барлық көлік түріне қолданылады.Жамбыл облысы - 11 учаске
Алматы - Ташкент - Термез, Айша-Бибі ауылының учаскесі - Түркістан облысының шекарасы (59 шақырым); Мерке - Шу - Бурылбайтал, Бейназар ауылы учаскесі - Бурылбайтал ауылы (107 шақырым); Алматы - Ташкент - Термез, Кенен ауылы учаскесі - Қайнар ауылы (жаңа Қордай асуы, 95 шақырым); Алматы - Ташкент - Термез, Қайнар ауылы учаскесі - Меркі ауылы (117 шақырым); Шу - Қайнар, Шу - Қайнар учаскесі (56 шақырым); Қордай - Қайнар (24 шақырым). Шектеу көліктің барлық түрлеріне қолданылады; Алматы - Ташкент - Термез, Кенен ауылы учаскесі - Қордай ауылы - Қайнар ауылы (ескі Қордай асуы, 101 шақырым); Ескі Күйік асуы (11 шақырым); Жаңа айналма жол, Тараз қаласы (58 шақырым); Мерке - Шу - Бурылбайтал, Меркі ауылы учаскесі - Бейназар ауылы (266 шақырым); Екатеринбург - Алматы, Қарағанды облысы шекарасының учаскесі - Алматы облысының шекарасы (209 шақырым). Шектеу дизельдік қозғалтқышпен жабдықталған көліктерге қатысты.Жетісу облысы - екі учаске
Үшарал - Достық, Көктума станциясы учаскесі - Достық станциясы (100 шақырым); Сарыөзек - Көктал, Сарыөзек ауылы учаскесі - Алтын-Емел асуы (45 шақырым). Шектеу көліктің барлық түріне қатысты.Маңғыстау облысы - бір учаске
Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сай - Өтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау, Бейнеу ауылы - Жетібай ауылы (380 шақырым). Шектеу көліктің барлық түріне қатысты.Түркістан облысы - бір учаске
Алматы - Ташкент - Термез, Машат ауылы учаскесі - Жамбыл облысының шекарасы (62 шақырым). Шектеу көліктің барлық түрлеріне қатысты."Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бүкіл желісі бойынша 1774 шақырымға шектеу қойылды. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына 550 техника мен 1340 адам жұмылдырылған", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также