ПОДЕЛИТЬСЯ
05 қараша 2021 | 09:05
Қазақстанда қай жастағы балаларға вакцина бірінші салынатыны айтылды
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Қазақстанға Pfizer вакцинасы 8-14 қараша аралығында жеткізілетінін айтты. Вакцина 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге, сондай-ақ жүкті және бала емізетін әйелдерге қолжетімді болады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Қазақстанға Pfizer вакцинасы 8-14 қараша аралығында жеткізілетінін айтты. Вакцина 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге, сондай-ақ жүкті және бала емізетін әйелдерге қолжетімді болады.
Жасөспірімдерге келетін болсақ, коронавирусқа қарсы екпе 16-18 жастағыларға бірінші салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов бекіткен нұсқаулықта айтылған.
"Бастапқы кезеңде коронавирусқа қарсы профилактикалық вакциналау 16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерден басталады. Кейін (16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерді вакциналау аяқталғаннан кейін) 15, 14, 13 және 12 жастағы жасөспірімдер екпе алады" делінген.
Білім беру ұйымдарында (мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында және т.б.) оқитын жасөспірімдерді вакциналау оқу орны бойынша жүргізілуі мүмкін.
Қазақстанда жасөспірімдерді вакциналау ерікті түрде және олардың ата-анасы мен заңды өкілінің алдын ала келісімімен ғана жүргізілетінін ескеріңіз.
Pfizer компаниясының "Комирнати" вакцинасы жасөспірімдерді коронавирусқа қарсы иммундау үшін қолданылады. Вакцина мРНҚ (нуклеозидтермен модификацияланған) негізінде жасалған, оның құрамында иммундық қорғанысты дамытатын вирус жоқ және коронавирус инфекциясын тудырмайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также