21 желтоқсан 2021 | 10:17

Қазақстанда қай қалаларда автотұрақ бағасы төмен?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Сарапшылар әлемнің 48 астанасы мен ірі қалаларындағы автотұрақ құнын зерттеп, Қазақстанда ең төмен баға деген қорытындыға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Picodi.com сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сарапшылар әлемнің 48 астанасы мен ірі қалаларындағы автотұрақ құнын зерттеп, Қазақстанда ең төмен баға деген қорытындыға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Picodi.com сайтына сілтеме жасап.

Зерттеу аясында сарапшылар бір сағаттық автотұрақ құнын және ақылы автотұрақ маңындағы тұрғындардың жазылым бағасын салыстырды.

Рейтингке енген қалалар ішінде ең қымбат автотұрақ Ұлыбритания астанасында тіркелген. Лондонда бір сағат автотұрақ бағасы 11,29 долларға жетеді. Амстердамның дәл орталығында көлік қалдыру құны - 8,55 доллар, ал Норвегия астанасы Ослода қалдыру - 8,57 доллар.

Реклама
Реклама

Бір сағат бағасы осы аудандағы автотұрақ сұранысына байланысты болады. Әдетте, орталықтан неғұрлым алыс болса, соғұрлым арзан болады.

Нұр-Сұлтанда ақылы автотұрақ құны аумаққа байланысты қойылмайды. Бір сағаттық автотұрақ бағасы - 100 теңге (0,23 доллар). Алматыда автотұрақ құны - 100 теңге.

Ереван тұрғындары автотұрақты ең қолайлы бағада пайдаланады. Армения астанасында бір сағаттық автотұрақ бар болғаны - 0,21 доллар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная