04 қараша 2021 12:24

Қазақстанда қай саясаткерлердің ақша операциялары тексеріледі?

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сенат депутаты Ольга Перепечина қаржы мониторингі тексеретін жария лауазымды тұлғалардың тізіміне кім кіруі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенат депутаты Ольга Перепечина қаржы мониторингі тексеретін жария лауазымды тұлғалардың тізіміне кім кіруі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бірінші кезекте әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер - облыс әкімдері, аудан әкімдері, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, сондай-ақ, басқару шешімдерін қабылдайтын депутаттар, партия жетекшілері, министрлер, вице-министрлер, ұлттық компаниялардың басшылары кіруі мүмкін. Судьялар, прокурорлар және мемлекеттік басқару шешімдерін қабылдайтын басқа да басшылар кіреді. Мониторингке лауазымды тұлғалар ғана емес, жұбайлары мен жақын туыстары - балалары, аға-інілері, апа-сіңлілері, әжелері, аталары, ата-аналары, немерелері де ілінеді", - деді Перепечина Сенат отырысынан кейін.

Тізімді Президенттің өзі бекітеді. Тізім 2022 жылы жасалады деп жоспарланып отыр. Журналистер жария лауазымды отбасылар тізіміне Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасы мүшелері кіре ме деген сұрақты нақтылады.

Реклама
Реклама

"Заң жобасына сәйкес, бұрынғы басшылар, мемлекет қайраткерлері өз өкілеттіктерін тоқтатқаннан кейін 12 ай ішінде мониторингте қарастырылатын мемлекеттік лауазымды тұлғалардың тізіміне кіреді", - деді Перепечина.

Ол Мемлекет басшысы лауазымдардың тізімін бекітетінін түсіндірді, бірақ Президент шешімімен бекітілген лауазымдар тізіміндегі кейбір шенеуніктер қорытынды тізімнен қаша ала ма деген сұраққа нақты жауап берген жоқ.

"Елбасы Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде тізімге кіре ме", - деп сұрады журналистер.

"Иә. Бүгінгі таңда заңнама аясында осылай жауап бере аламын. Депутаттар тізім бойынша ұсыныс бере алмайды", - деді сенатор.

Бүгін Парламент Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобасын қабылдады. Заң Президенттің қол қоюына жіберілді.

Заң жобасына "жария лауазымды тұлға" ұғымын енгізеді. Олар ақша жымқыру және сыбайлас жемқорлықты қоса алғанда, ілеспе предикаттық қылмыстарды жасау мақсатында теріс пайдаланылуы мүмкін позицияларды есепке алады. Оларға және олардың отбасы мүшелеріне қатысты ақшамен және өзге мүлікпен жүргізілетін операциялар бойынша бақылау жүргізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram