06 мамыр 2022 | 16:24

Қазақстанда қайталама нарықтағы үй 28 пайызға қымбаттады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда бір жылда жылжымайтын мүлік қаншаға қымбаттағанын айтты, - деп хабарлайды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда бір жылда жылжымайтын мүлік қаншаға қымбаттағанын айтты, - деп хабарлайды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бір жыл ішінде қайталама нарықтағы пәтерлерге бағалар (2022 жылғы сәуір - 2021 жылғы сәуір) 27,7 пайызға, жаңа тұрғын үйді сату - 20,3 пайызға өсті. Сәуір айында абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу өткен жылдың сәуірімен салыстырғанда 22,2 пайызға өсті", - делінген хабарламада.

Бюро мәліметінше, тұрғын үй нарығындағы баға бесінші жыл қатарынан өскен. Баға тек 2016 жылы төмендеген, ол кезде жаңа тұрғын үйлер нарықта 3,6 пайызға, 2017 жылы қайталама нарықта шаршы метр бағасы 1,6 пайызға арзандаған.

Реклама
Реклама

"Бір айда (2022 жылы) пәтерлерді қайта сату бағасы 1,8 пайызға өсіп, қайталама нарықтағы тұрғын үйдің шаршы метрі үшін 459 137 теңгені құрады. Жаңа тұрғын үйді сату және абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу бағасы 2022 жылғы сәуірде өткен аймен салыстырғанда 0,8 пайызға өсіп, тиісінше 412 315 теңге болды", - деп толықтырды Ұлттық статистика бюросы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная