24 желтоқсан 2022 | 14:26

Қазақстанда кедендік төлемдер мен салықтардан ел қазынасына 3,3 триллион теңге түсті

Tengrinews.kz

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік төлемдер мен салықтардан түскен қаржы 1,5 есе өскенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік төлемдер мен салықтардан түскен қаржы 1,5 есе өскенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 2022 жылғы 23 желтоқсанға 3,3 триллион теңгеден аса төлем жиналған.

"2022 жылғы 23 желтоқсанға Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне түскен кедендік төлемдер мен салықтар көлемі 3,3 триллион теңгеге жетті, бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 54 пайыз артық (2,2 триллион теңге), оның ішінде былтырғы кезеңге қарағанда 80 пайыз (766 миллиард теңге) өсіп, 1,4 триллион теңге импортқа ҚҚС түсті", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазақстанның тауар айналымы 2022 жылғы 10 айда 87,6 миллиард АҚШ доллары болды (былтыр 61 млрд АҚШ доллары). Оның ішінде импорт 24,2 миллиард АҚШ долларына дейін өсті (былтыр 18,3 миллиард АҚШ доллары), ал экспорт 63,4 миллиард АҚШ долларға дейін өсті (өткен жылы 42,8 миллиард АҚШ доллары).

Ведомство мәліметінше, биыл Қазақстан Республикасының барлық сауда әріптестері арасында тауар айналымы бойынша бірінші орынды (22,8 пайыз, 17,8 миллард АҚШ доллары) алатын Қытай Халық Республикасымен шекарадағы кедергілерді жоюға ерекше назар аударды.

2022 жылдың басынан бастап Түркиядан әкелінетін тауарлар үшін кедендік төлемдер мен салықтардың көлемі - 126,9 миллиард теңге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная