ПОДЕЛИТЬСЯ
02 шілде 2024 | 11:08
Қазақстанда келісімшарт бойынша әскери қызметке үйден шықпай орналасу мүмкіндігі пайда болады
Қазақстанда келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдауды цифрландыру жобасы қолға алынып жатыр. Тиісті құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдауды цифрландыру жобасы қолға алынып жатыр. Тиісті құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жобаны Қорғаныс министрлігі мен Цифрлық даму министрлігі бірлесіп жүзеге асырып жатқаны айтылды.
Арнайы сервис арқылы үміткер армиядағы бос жұмыс орындарын тауып, оларға құжаттар тапсырады (сервис басқа мемлекеттік дерекқорлармен байланыстырылғанша, құжаттарды PDF форматта қоса беруге тура келеді, содан кейін жүйені оңайлату жоспарланған) және өтінімге электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен қол қойылады деп болжанады.
Үміткер өтініштің статусы туралы өзгерістерді SMS арқылы алады.
Егер Қорғаныс министрлігі өтінішті алдын ала мақұлдаса, үміткер туралы деректер осы адам тұратын аймақтың медициналық комиссиясына беріледі. Онда ол тексерістен өтеді.
Егер іріктеудің барлық кезеңінен сәтті өтсе, Қорғаныс министрлігі үміткерге электрон қолтаңба арқылы қол қоя алатын келісімшарт жасасу туралы келісімді жібереді.
Бұйрық жобасы 1 шілдеде жарияланған, оны талқылау 16 шілдеге дейін жалғасады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также