25 шілде 2022 | 12:01

Қазақстанда кей жүргізушілер айыппұл төлеудегі жеңілдіктен айырылуы мүмкін

Сұлу Бөлек Корреспондент

Ішкі істер министрлігі бір жылда бестен артық ереже бұзған қазақстандық жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 50 пайыздық жеңілдікпен айыппұл төлеуге тыйым салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрлігі бір жылда бестен артық ереже бұзған қазақстандық жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 50 пайыздық жеңілдікпен айыппұл төлеуге тыйым салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін бір жыл ішінде бестен аса әкімшілік құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға 50 пайыздық жеңілдікпен айыппұл төлеу мүмкіндігін алып тастауға (...) түзетулер енгізіп жатыр", - деді Мұраталиев ІІМ брифингінде.

Қазақстанда 2015 жылдан бастап айыппұл төлеуге 50 пайыздық жеңілдік енгізілген. Жеңілдік бейнебақылау камералары түсірген заңбұзушыларға қолданылмаған болатын.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная