05 ақпан 2024 | 17:47

Қазақстанда кейбір қылмыстар үшін жауапкершілік қатаңдайды

Фото:depositphotos.com

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңнамаға өзгерістер енгізу қарастырылып жатыр. Құжатта бірқатар бап бойынша қылмыстық жауапкершілік және жауапкершілікті күшейту қарастырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңнамаға өзгерістер енгізу қарастырылып жатыр. Құжатта бірқатар бап бойынша қылмыстық жауапкершілік және жауапкершілікті күшейту қарастырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әзірлеушілердің айтуынша, әйелдердің құқығын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасы, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың көптеген түріне қылмыстық жауапкершілікті қарастыруды көздейді.

Реклама
Реклама

Атап айтқанда, түзетулер қылмыстық жауапкершілікті енгізеді және мына баптар бойынша жазаларды қатаңдатады:

денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру – 200 АЕК (2024 жылы 738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салу немесе 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не 50 тәулікке дейін қамауға алу; ұрып-соғу – 80 АЕК (2024 жылы 295 360 теңге) мөлшерінде айыппұл салу немесе 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не 25 тәулікке дейін қамауға алу; қинау - 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру; денсаулыққа ауыр зиян келтiру – 3 жылдан 8 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға; денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтiру – 2 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру; педофилия – өмір бойына бас бостандығынан айыру; кәмелетке толмаған адамды өлтіру – өмір бойына бас бостандығынан айыру; өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу – 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу; кәмелетке толмаған адамды өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу – 5 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; өзін-өзі өлтіруді насихаттау – 200 АЕК-ке дейін айыппұл салу (2024 жылы 738 400 теңге).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная