ПОДЕЛИТЬСЯ
14 қараша 2022 | 10:24
Қазақстанда киім бағасы бір жылда қаншаға өсті?
Қазақстанда киім бағасы бір жылда 15 пайызға көтерілді. Бұл туралы Еnergyprom.kz сайты жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда киім бағасы бір жылда 15 пайызға көтерілді. Бұл туралы Еnergyprom.kz сайты жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Басылым мәліметінше, биыл қазандағы қорытынды бойынша, киім бір жылда 14,6 пайызға қымбаттаған. Оның ішінде, елордада 25 пайызға, Қызылорда облысында 19,8 пайызға, Ақмола облысында 19 пайызға көтерілген. Республика бойынша Ақтөбе облысында ең аз көтерілу байқалды, 9,7 пайыз.
Бір жылда ерлер киімі 14 пайызға, әйелдер киімі 14,1 пайызға, балалар киімі 17,2 пайызға қымбаттады.
Киімнің ең көп көлемі Шымкентте тіркелді: 7,4 миллиард теңге, бір жылда 44 пайыз. Одан кейін Алматы (6,9 миллиард теңге 15,2 пайыз) және Алматы облысы (4,2 миллиард теңге, минус 48,6 пайыз) келеді.
Қаңтар мен тамызда Қазақстанда тоқыма және тоқыма киімдерінің импорты 888,9 миллион доллар сомасында болып, 71 мың тоннаны құрады.
Қазақстанға ТМД елдерінен 16,9 мың тонна киім әкелінді, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,9 пайызға аз. Мұнда Өзбекстан Қазақстан үшін негізгі жеткізуші болды.
ТМД-дан тыс елдерден Қазақстан 54,1 мың тонна киім импорттады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,8 пайызға көп. Қазақстан үшін негізгі жеткізушілер Қытай мен Түркия болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также