Қазақстанда кімдер айына миллионнан аса жалақы алады?

Фото: depositphotos.com

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы Қазақстандағы қызметкерлердің саны мен жалақысы туралы деректерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы Қазақстандағы қызметкерлердің саны мен жалақысы туралы деректерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарияланған статистикалық мәліметтерде көрсетілген кезеңдегі салалар бойынша, орташа айлық номиналды жалақы туралы ақпарат бар.

Ең жоғары жалақы – 1 434 506 теңге – қаржылық қызметтер мен сақтандыру саласындағы қосалқы қызметпен айналысатын салада тіркелген.

Реклама
Реклама

Компьютерлік бағдарламалау, кеңес беру және басқа да ілеспе қызметтер саласында жұмыс істейтіндер 1 329 063 теңге алды.

Жылжымайтын мүлікті сатумен айналысатындар бірінші тоқсанда 1 248 068 теңге тапқан.

Басқару мәселелері бойынша кеңес беретіндерге компаниялар 1 176 893 теңге жалақы төлеген.

Миллионнан жоғары жалақы келесі салаларда да тіркелді: "Құбыр көлігімен тасымалдау қызметі" (1 055 692 теңге), "Сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру (міндетті әлеуметтік қамсыздандыруды қоспағанда)" (1 045 041 теңге), "Теңіз және жағалаулық жүк тасымалы қызметі" (1 042 752 теңге), "Әуе жолаушылар көлігі қызметі" (1 032 605 теңге), "Су көлігі қызметі" (1 026 145 теңге) және "Әуе көлігі қызметі" (1 022 311 теңге).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама