20 желтоқсан 2023 | 11:40

Қазақстанда кімдерге несие беруге тыйым салынуы мүмкін?

Фото:depositphotos.com

Парламент депутаттары несие берудегі тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқығын қорғау мәселелерін реттейтін заң жобасын әзірледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Парламент депутаттары несие берудегі тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқығын қорғау мәселелерін реттейтін заң жобасын әзірледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Татьяна Савельева құжат депутаттардың бастамасымен әзірленгенін жеткізді.

Реклама
Реклама

Заң жобасы мыналарды көздейді:

Кредит төлеу мерзімі өтіп кеткенде азаматтарға жаңа тұтынушылық несие беруге тыйым салу; 90 күн өткеннен кейін барлық кредит бойынша сыйақы есептеуге тыйым салу; Банктердің және МҚҰ-ның коллекторлық агенттіктерге азаматтардың несиесін сатуды шектеу; Коллекторлық агенттіктердің сатып алған берешекті реттеуді жүргізу міндетін енгізу; Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі НҚА сәйкес тұтынушылық қарыздың мерзімі, сомасы және өзге де шарттары бойынша шектеулерді белгілеу; Балалары бар отбасыларды жылыту маусымында жалғыз баспанасынан шығаруға тыйым салу; Өндіріп алу нәтижесінде банктің меншігіне өткен тұрғын үйді бұрынғы иесіне (қарыз алушыға) жалға беруге мүмкіндік беру; Төлем талабын қойған кезде банк шотында кемінде 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі (99 мың теңге) мөлшерінде ақшаны сақтау; Кредит алудан ерікті түрде бас тартқан жағдайда азаматтардың кредиті бойынша борышты есептен шығару.

"Бұл Қылмыстық кодекс және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске қатысты: Жеке деректерді сатқаны, абоненттің нөмірін ауыстырғаны және абоненттік нөмірді басқа тұлғаларға заңсыз бергені үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті белгілеу. Депутаттар бастамашылық еткен заң жобасы бойынша Үкіметтің қорытындысы биыл 12 қарашада алынды.

Бастамалардың көпшілігі қолдау тапты. Бірақ кейбір тұжырымдамалық ұстанымдар бойынша, атап айтқанда коллекторлық компанияларға қарыздарды сатуға тыйым салу бойынша Үкімет балама ұстаным ұсынды. Бірақ мұнымен депутаттар келіспей отыр", - деді депутат Татьяна Савельева Мәжілістің жалпы отырысында.

Қаржы және бюджет комитеті бұл заң жобасын қарап, ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын. Бұдан кейін Мәжілісте құжат таныстырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная