28 шілде 2021 | 10:39

Қазақстанда көкөністер мен жеміс-жидек бір айда қаншаға қымбаттады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: congerdesign©/Pixabay

Маусым қорытындысы бойынша Қазақстанда көкөністер мен жеміс-жидек бір айда бірден 7,7 пайызға және былтырғымен салыстырғанда 14,2 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі energyprom.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маусым қорытындысы бойынша Қазақстанда көкөністер мен жеміс-жидек бір айда бірден 7,7 пайызға және былтырғымен салыстырғанда 14,2 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі energyprom.kz басылымына сілтеме жасап.

Қызылша мен сәбіз бағасы едәуір өскен - 1,5 және 1,9 есе. Қызылшаның келісі орташа есеппен 324 теңге, ал сәбіз - 280 теңге болды. Картоп 47,6 пайызға, бір келісі үшін 217 теңгеге дейін, қырыққабат 33,5 пайызға, 91 теңгеге дейін қымбаттады. Қызанақ бағасы 16,5 пайызға өсіп, бір келісі 521 теңге болды.

Бір жыл ішінде сәбіз мен қызылша екі есе, картоп бір жарым есе қымбаттады. Шығыс Қазақстан облысында баға 28,1 пайызға өскен. Сондай-ақ, Павлодар, Атырау және Қарағанды облыстары көш бастап тұр.

Реклама
Реклама

Жыл басынан бері елге 44,8 мың тонна картоп (көлемі 2,5 есе өсті), 27,5 тонна сәбіз (бірден 75,1 пайызға өсті) және 106,7 мың тоннадан аса пияз (19,6 пайыз) әкелінген. Сондай-ақ, бақша өнімдерінің импорты айтарлықтай артты - 15,7 есе.

Жергілікті компаниялар сыртқы нарыққа 70,5 мың тонна картоп (минус 51,4 пайыз), 21,2 мың тонна пияз (минус 16,1 пайыз), 11,2 мың тонна қызанақ (минус 35,5 пайыз), 1,8 мың тонна сәбіз (өсім 5,3 есе) жеткізді.

Биыл бес айда картоп экспорты импорттан 1,6 есе асып түсті. Бұл ретте басқа санаттар бойынша импорт экспорттан бірнеше есе асып түседі. Мысалы, бұрыш импорты экспорттан 47,6 есе, қызылша - 32,1 есе, алма - 18,6 есе, сәбіз - 15,3 есе асып түсті.

Айта кетейік, маусымның басында Қазақстанның солтүстік өңірлерінде картоп бағасы бір келісі үшін 500 теңгеге дейін көтерілді. Сауда министрі Бақыт Сұлтанов күзгі кезеңде картоп пен сәбіз бағасы төмендеуі мүмкін деп болжаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная