11 сәуір 2020 | 16:54

Қазақстанда көлік бақылау бекеттерінде рұқсат қағаздары тексерілмейді

© Тұрар Қазанғапов

ҚР ИИДМ Көлік комитеті биыл 15 сәуірден бастап көлік бақылау бекеттерінде қағазбен берілген рұқсаттарды тексеруді алып тастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР ИИДМ Көлік комитеті биыл 15 сәуірден бастап көлік бақылау бекеттерінде қағазбен берілген рұқсаттарды тексеруді алып тастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның орнына тексеру Көлік комитетінің көліктік деректер базасының ақпараттық-талдау жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады.

Реклама
Реклама

Яғни, тасымалдаушылардан өзімен бірге қағаздағы рұқсат беру құжаттарының болуы талап етілмейді. Осы рұқсаттарды беруге мақұлданған өтінім және қолданыстағы заңнамаға сәйкес электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте рұқсат беру үшін мемлекеттік орган қабылдаған мемлекеттік баж (қажет болған жағдайда) болса жеткілікті.

Мұндай рұқсаттардың тізіміне енген құжаттар:

- ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсат;

- 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсат;

- автокөлік құралына рұқсат карточкалары;

- халықаралық жүк тасымалдауға рұқсат беру куәлігі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная