Қазақстанда көлікті бастапқы мемлекеттік тіркеу жеңілдеуі мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент
Қазақстанда көлікті бастапқы мемлекеттік тіркеу жеңілдеуі мүмкін Фото:depositphotos.com

Қазақстанда көліктерді бастапқы мемлекеттік тіркеуді жеңілдету бойынша пилоттық жоба іске қосылады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлескен бұйрықтың жобасын "Ашық НҚА" порталында жариялады. Құжатты жария талқылау 2 қыркүйекке дейін жалғасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоба деректері бойынша, жаңа көлік иелері алғашқы тіркеуден толықтай онлайн, eGov порталы арқылы өте алады. ХҚКО-ға бармай-ақ рәсімдеуге болады:

  • техникалық паспортты;
  • мемлекеттік тіркеу нөмірлерін.
Жарнама
Жарнама

Пилоттық жоба Ішкі істер министрлігімен бірлесіп іске асырылады. Іске асыру мерзімі – 2026 жылғы 31 тамызға дейін. Ведомстволар бұл бастама құжаттарды рәсімдеуге кететін уақытты қысқартып, автокөлік сатып алу процесін әлдеқайда ыңғайлы ететінін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама