05 маусым 2024 | 09:14

Қазақстанда көліктің алдыңғы терезелерін қараңғылатуға рұқсат беру сұралды

Фото: Freepik

Еpetition.kz сайтында Ішкі істер министрлігіне бағытталған петиция құрылды. Ұжымдық мәлімдеме авторлары көліктердің алдыңғы терезелерін қараңғылатуға рұқсат сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еpetition.kz сайтында Ішкі істер министрлігіне бағытталған петиция құрылды. Ұжымдық мәлімдеме авторлары көліктердің алдыңғы терезелерін қараңғылатуға рұқсат сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта петицияға 1621 қол жиналған.

"Сізден рұқсат беру құжаттарына өзгеріс енгізуіңізді және автомобильдің алдыңғы терезелерін атермаль пленкамен (ішінен мөлдір көрінеді) қаптауға рұқсат беруіңізді сұраймыз. Көптеген елде көліктің интерьерін және жүргізуші мен жолаушылардың денсаулығын сақтау үшін алдыңғы терезелерді қаптауға мүмкіндік бар. Біз, азаматтар, автокөлік терезелерін қараңғылатуға рұқсат алу үшін сақтандырудың қымбаттауын немесе мемлекет бюджетіне ақылға қонымды (100 долларға дейін) баж төлеуді қарастыруға дайынбыз", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қол жинау 2024 жылдың 24 қарашасына дейін белсенді болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная