Қазақстанда компанияға 639 миллион теңге айыппұл салынды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: depositphotos.com

Атырау облысында "ТШО" ЖШС-не 639,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облысында "ТШО" ЖШС-не 639,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы ауа ластануына байланысты талдау жүргізіп, бірқатар өрескел заңбұзушылықты анықтаған.

"Теңізшевройл" ЖШС 2023 жылғы 3 және 4-тоқсанда, сондай-ақ, 2024 жылғы 1 және 2- тоқсанда экологиялық рұқсат етілген нормадан тыс ауаға 49,3 тонна ластаушы заттарды шығарған. Оның ішінде 4,9 тонна ластаушы зат қоршаған ортаға арнайы рұқсатсыз тасталғаны анықталды. Осыған байланысты "Теңізшевройл" ЖШС-не қатысты прокурордың қаулысымен әкімшілік іс қозғалып, сот 639,6 млн теңге көлемінде айыппұл салды", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Бұл шешім заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама