19 қыркүйек 2022 | 10:58

Қазақстанда көмірді экспорттауға тыйым салынды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазақстанда көмірді автомобиль көлігімен экспорттауға тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда көмірді автомобиль көлігімен экспорттауға тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, министрлік 14 қыркүйектегі No514 бұйрығымен республикадан автомобиль көлігімен көмір экспортына шектеу қойған.

"Уақытша шектеу тұрғындар мен коммуналдық және әлеуметтік нысандарға арналған көмірдің шекаралас өңірлерге автокөлікпен тасымалданып, қатты отынды көршілес мемлекеттерде қайта сату үшін шығарылған фактілердің анықталуына байланысты енгізіліп отыр, - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Министрліктің бұл шешімі жергілікті көмір тиеу тұйықтары мен өңір әкімдіктерімен бірлесіп әзірленген. Басты мақсат - 2022-2023 жылдарындағы жылу беру маусымы кезеңінде көзделген межені орындау және елдегі көмір тапшылығын болдырмау.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная