22 маусым 2022 | 10:19

Қазақстанда консерванттар мөлшері артып кеткен энергетиктер анықталды

Камила Долаева Журналист
Көрнекі сурет

Санитария дәрігерлері консерванттар мөлшері артқан энергетикалық сусындарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Санитария дәрігерлері консерванттар мөлшері артқан энергетикалық сусындарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті сайтына сілтеме жасап. 

Санитариялық эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының сауда желісінде сатылатын өнімдердің қауіпсіздігін мониторингтеу қорытындысы бойынша "Кофеинмен және тауринмен Flash up energy" (163,3 мг/л) және "Monster Energy" (173,72 мг/л) алкогольсіз энергетикалық газдалған сусындардағы натрий бензоатының (Е211) артқанын анықтады.

"Сусындарды өндірушілер - "Балтика" "Сырақайнату компаниясы" ЖШҚ (Ресей Федерациясы) және "Refresco Benelux B.V" (Нидерланды Корольдігі) компаниясы. Азық-түлікті ұзақ уақыт сақтау үшін, тағамдық қоспалар консерванттар ретінде қолданылады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ведомство өкілдері өнімдер партиясы сатылымнан шығарылып, ал жеткізушіге ішімдіктерді сату айналымынан алып тастау бойынша шаралар қабылдау тапсырылғанын айтты. 

Санитар дәрігерлер құрамында натрий бензоаты бар тағамдар мен сусындарды жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайтынын, өйткені бұл зат аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін екенін хабарлады.

"Кейбір адамдарда консерванттың артық болуы локализацияланған қышу, жөтел, қызару, бөртпе, ісіну сияқты жеңіл белгілерді тудыруы мүмкін.

Натрий бензоаты ағзада жиналуы мүмкін, бұл өздігінен қауіпті. Бұл әсіресе жасөспірімдерге қатысты", - деп ескертті олар.

Ақпарат бойынша, комитет Ресейдің "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адамның әл-ауқатын бақылау қызметіне" (Роспотребнадзор) осы өндірушілердің өнімдерін зертханалық күшейтілген бақылауға алу туралы хабарлама жіберді.

"Еске салайық, "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР Заңының 6-бабына сәйкес, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тұтынушыларды адам денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін тамақ өнімдерінің анықталғаны туралы хабардар етуге құқылы", - деді комитет өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная