Қазақстанда концерт және театрға бару қымбаттайды

Midjourney

Қазақстанда театр, мұражай және басқа да мәдени іс-шаралардың билеттері қымбаттайды. Мұндай бұйрық жобасын Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда театр, мұражай және басқа да мәдени іс-шаралардың билеттері қымбаттайды. Мұндай бұйрық жобасын Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Tengrinews.kz-ке берген жауабына сүйенсек, бұл құжат республикалық театрлар, мұражайлар, мұражай-қорықтар, концерттік ұйымдар, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының жұмыстарының бағасына өзгерістер енгізеді.

"Бұйрық бойынша республикалық театрлар, концерттік ұйымдардың театрлық қойылымдары мен концерттерінің, республикалық музейлердің экспозициялық залдарының бағасы белгіленеді. Бұйрық 2020 жылы қабылданғанын ескере отырып, қазір бағаны өзгерту мәселесі қарастырылып жатыр. Іс-шараның түріне және билет санатына байланысты өсім бірқалыпты болады", - деп жазылған жауапта.

Реклама
Реклама

Министрлік әлеуметтік осал санаттар үшін баға қолжетімді боларына сендірді. Ведомство баға қалай өсетінін нақтыламаған. Өзгерістер тиісті нормативтік құқықтық акт бекітілгеннен кейін күшіне енеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама