07 ақпан 2023 16:14

Қазақстанда көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы қалай өзгереді?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы қалай өзгеретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы қалай өзгеретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенатта Әлеуметтік кодекске жаңа ұғым - "Аналарды марапаттау" енгізілгенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл көпбалалы аналардың еңбегін тану және құрмет көрсету ретінде енгізілген. Ол "Күміс алқа", "Алтын алқамен" марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған әйелдерге беріледі.

"Марапатталған аналарға төленетін жәрдемақының мөлшері де сараланады. Бүгінгі таңда алты, жеті және одан да көп бала туып, өсірген аналар бірдей мөлшерде жәрдемақы алады. Әлеуметтік кодекстің қабылдануымен аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері де өзгереді. 7 және одан да көп баласы бар аналарға төленетін жәрдемақы 7,4 АЕК-ке дейін өседі", - деді Дүйсенова.

Реклама
Реклама

Министрдің айтуынша, бұл өзгеріс 90 мыңға жуық марапатталған анаға қатысты болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram