ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- Кеше 11:14
Қазақстанда көптен күткен жаңбыр жауып, күн салқындайды
"Қазгидромет" синоптиктері 21, 22 және 23 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аптаптың беті қайта бастайды
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты көптеген аймақта найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Кей жерлерде нөсер күтіледі. Сондай-ақ бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін.
Жауын-шашын салдарынан аптап ыстық біртіндеп бәсеңдейді. Күндіз ауа температурасы мынадай деңгейде болады:
- Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-батысында - +20…+30 градус;
- орталық және шығыс аймақтарда - +22…+35 градус;
- оңтүстік пен оңтүстік-шығыста - +27…+35 градус.
Қай өңірлерде ыстық сақталады?
Тек Қазақстанның батысында ғана жағдай өзгеше болады. Иран аумағынан келетін ыстық ауа массаларына байланысты мұнда аптап әлі де сақталады.
Қазгидромет болжамына сәйкес, батыс өңірлерде күндізгі ауа температурасы +30…+42 градусқа дейін көтеріледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін "Қазгидромет" Қазақстанда неліктен қалыптан тыс ыстық орнағанын және бұған антициклон мен климаттың өзгеруі қалай әсер еткенін түсіндірген болатын.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу