06 сәуір 2020 | 15:32

Қазақстанда коронавирус анықталған 16 науқастың жағдайы ауыр

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавируспен ауырып жатқан науқастардың жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавируспен ауырып жатқан науқастардың жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жағдайдың 85 пайызы жеңіл және симптомсыз өтіп келеді. Науқастардың 11,5 пайызының жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. 16 пациенттің жағдайы ауыр, бұл Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы науқастар", - деді Есмағамбетова.

Реклама
Реклама

Бұған дейін коронавирус жұқтыруған 20 адам тіркелген болатын, олардың ішінде Жамбыл облысында - 1, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Маңғыстау облысында - 2, Қарағанды облысында - 16 адам. Барлығы елде 604 жағдай расталды.

Коронавирустан 45 науқас сауығып шықты, оның 24-і Нұр-Сұлтанда және 21-і Алматыда. Елімізде 6 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная