ПОДЕЛИТЬСЯ
08 мамыр 2021 | 10:32
Қазақстанда коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдыққандар көбейді
Қазақстанда кейінгі тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмонияның 119 жағдайы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда кейінгі тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмонияның 119 жағдайы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
8 мамырдағы мәлімет бойынша, 42 695 адам коронавирус инфекциясынан (42 188 КВИ+ және 507 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 14 656 пациент стационарда, 28 039 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 803 адамның жағдайы ауыр,
• 174 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 106 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
6-мамырдағы жағдай бойынша, коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 119 жағдайы тіркелді, 83 адам емделіп шықты.
Айта кетейік, 5 мамырда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 101 жағдайы тіркелген болатын, ол кезде 6 адам қайтыс болды.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап: ауырғандар - 53 519, 829 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны - 52 183.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также