14 тамыз 2020 11:45

Қазақстанда коронавирус бойынша ауру өсімі төмендеді - бас санитар дәрігер

©elements.envato.com

Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова Қазақстанда коронавирус бойынша көрсеткіштердің оң динамикасы байқалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова Қазақстанда коронавирус бойынша көрсеткіштердің оң динамикасы байқалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қатаң шектеу шаралары енгізілгеннен бері негізгі көрсеткіштердің оң динамикасы байқалады. Бүгінде ауру өсімі тәулігіне 0,5 пайызға дейін төмендеді. Инфекция таралуының тұрақты азаюы немесе репродуктивтілік көрсеткіші байқалады. Ол 2,2 есе, 1,72-ден 0,78-ге дейін төмендеді", - деді Есмағамбетова ОКҚ-нің онлайн-брифингінде.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, ауруханалардағы орын саны 64 пайызға, оның ішінде реанимациялық төсек те 64 пайызға төмендеген.

30 шілдеде елдегі аурудың тәуліктік өсімі 4-тен 1,7 пайызға түскені хабарланған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram