ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 04 қараша 2020 18:55
Қазақстанда коронавирус бойынша "сары" аймаққа қай өңірлер кірді?
Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймаққа қай өңірлер кіргенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгінде қызыл аймақта бізде тек Шығыс Қазақстан облысы бар. Сары аймаққа Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары кіреді. Қалған аймақтар әлі де жасыл аймақта", - деді Есмағамбетова ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте.
Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында коронавирусты қайта жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелгені хабарланған болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу